Әлемдік жұлдыздар қандай үйлерде тұрады?

Әлемдік жұлдыздар қандай үйлерде тұрады?

Бүгін біз сіздерді әлемдегі ең танымал жұлдыздардың тұрып жатқан үйлерімен таныстыратын боламыз. Бұл үйлердің көпшілігі өткен жылы сатылған немесе сатылып алынған жылжымайтын мүліктер болып саналады. Cонымен бастайық...

Мадонна

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 5-орын. Суретте Беверли-Хиллздегі (Калифорния штаты) француз кантриі стилінде салынған сарай.

Бағасы: $22,5 млн.

1

Әнші өз үйін өткен жылы сатылымға қойған болатын. 1500 шаршы метр аумақты алып жатқан үй жалпы ауданы 5000 шаршы метр аймақтан орын тепкен. Үйде 9 жатын бөлме, екі қабатты ас үй, спорт зал, бірнеше кабинеттер мен қызмет көрсетушілерге арналған бөлмелер бар. Ал үй алдында үлкен хауыз орналасқан. Қазіргі таңда әнші өзінің үйін $22,5 млн. долларға бағалап отыр.

Одан бөлек Мадонна маусым айында Манхэттендегі өзінің басқа бір апартаментін $16 млн сатып жіберді. Алайда ол осы үйін өткен жылы $23,5 млн. сатуды жоспарлаған еді.

Ал әншінің өзі соңғы кезде Манхэттен ауданындағы Ист-Сайд таунхаусында тұрып жатыр. Ол осы үйін 2009 жылы  $32,5 млн. сатып алған болатын.

Тейлор Свифт

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 6-орын. Суретте Атлант мұхиты жағасындағы Уотч Хиллденнен (Род-Айленд штаты) орын тепкен Тейлор Свифттің сарайы.

Бағасы $17 млн.

2

Бұл "ханшайым" әрі әртіс соңғы кезде өзінің жылжымайтын мүлігіне аса қатты мән бере бастаған сыңайлы. Уотч Хиллдегі үйді ол осы жылдың сәуір айында иеленген болатын. Үй 20 000 шаршы метр аумақта орналасқан. Оның құрамына ұзындығы 65 метр болатын жағайжай да кіреді. Әртістің тағы да бір үйі Хаянис атты ауданда (Массачусетс штаты) орналасқан. Ол оны өткен жылы жазда $4,8 млн сатып алса, кейін 7 ай өткеннен соң ол осы үйін (2013 жылдың ақпанында) $5,7 млн. сатқан еді. Сондай-ақ Свифтке Нэшвиллдегі (Теннесси штаты) екі бірдей үй де қарасты.  

Джон Бон Джови

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 7-орын. Суретте Нью-Йорктегі New Museum пентхаусы.

Бағасы $42 млн.

3

Бон Джови Манхэттендегі Сохо ауданында орналасқан пентхаусты 2007 жылы сатып алып, оның жөндеу жұмыстарына $1 млн. қаржы жұмсаған екен. Қазір 692 шаршы метр ауданда 5 жатын бөлмесі, дәл осындай жуынатын бөлме, бірнеше қонақ бөлмелері бар. Сондай-ақ үйден қалаға керемет көрініс ашылады.

Джастин Бибер

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 9-орын. Суретте Калабасас қаласындағы (Калифорния штаты) Oaks Mansion сарайы.

Бағасы $6,5 млн.

4

Әнші Лос-Анджелестің іргесінде жатқан үйді өткен жылы сатып алған болатын. Онда 6 жатын бөлме, 7 жуынатын бөлме және де бірнеше тағы да басқа мақсатқа пайдаланатын бөлмелер бар. Тұрғын ауданы 855 шаршы метрді құрайды.  

Дженнифер Лопес

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 12-орын. Суретте Уотер Милл қаласындағы (Нью-Йорк штаты) үй.

Бағасы $10 млн.

6

Дженнифер Лопес бұл үйді биылғы жылдың мамыр айында сатып алған еді. Үйдің жалпы ауданы 890 шаршы метрді құраса, оның орын тепкен аумағының жалпы ауданы 12 000 шаршы метр болады. Оның 8 жатын бөлмесі, 7 жуынатын бөлмесі және жеке саунасы да бар. Оның қасында кішкене ғимаратпен бірге хауыз орналасқан. Сондай-ақ онда әншінің «Порше» көлігіне арналған гаражы да бар. Одан бөлек, Дженнифер Калифорния мен Глен-Хедте тағы да екі үйге иелік етеді.

Рианна

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 13-орын. Суретте Лос-Анджелес (Калифорния штаты) маңындағы модерн стилінде салынған үй.

Бағасы $12 млн.

7

Рианна ауданы 1021 шаршы метр болатын үйді өткен жылдың желтоқсан айында сатып алған еді. Үй ішінде 7 жатын бөлмесі, 9 жуынатын бөлме бар. Үйге іргелес хауыз бен күнге қыздырынуға арналған және де барбекю дайындайтын аумақтар да бар. Ал бақшасының ауданы 560 шаршы метр.

Леброн Джеймс

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 16-орын. Суретте Майамиде (Флорида штаты) орын тепкен Coconout Grove («Кокос тоғайы») атты үй.  

Бағасы $9 млн.

8

Баскетбол жұлдызы Леброн Джеймс бұл үйді 2010 жылы Miami Heat клубына қосылғаннан кейін сатып алды. Үй Атлант мұхиты жағасында орналасқан. Ал оның ауданы 1130 шаршы метр болады. Ғимаратта 6 жатын бөлмесі, шарап сақтайтын қойма және үй кинотеатры бар. Ауланың артқы жағында үлкен хауыз бен екі яхтаға арналған кішкене айлақ та бар.  

Кэти Перри

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 18-орын. Суретте Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) Голливуд бульварында орналасқан үй.

Бағасы $6,5 млн.

9

Биыл Кэти Перри 2011 жылы өзінің бұрынғы күйеуімен бірге сатып алған үйді сатылымға қойды. Кэти өзінің үйіне қосымша $11,2 млн. доллар тұратын ауданды да қосқан екен. Оның аумағына екі хауыз, қонақтарға арналған екі арнайы үй және 16 000 шаршы метр болатын жер телімі кіреді.

Леонардо Ди Каприо

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 21-орын. Суретте Малибудегі (Калифорния штаты) сарай.

Бағасы $18,9 млн.

10

Аталған үйді актер айына $75 000 бағамен жалға беруді ойлаған еді. Алайда мұндай бағаға тұруға келісетін жан табылмағандықтан, Ди Каприо оны өткен жылдың қараша айында $23 млн. сатылымға қойған еді. Бірақ кейін оның бағасы $18,9 млн түсті. Малибудың жұлдызды ауданында орналасқан үй актердің осы қаладағы екінші үйі. Ди Каприо сондай-ақ АҚШ-тың қос жағалауындағы екі бірдей үйге ие. Олардың бірі Голливуд дөңінде орналасса, екіншісі Нью-Йорктың Манхэттен ауданынан орын тепкен.

Криштиану Роналду

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 31-орын. Суретте Мадридте орналасқан La Finca вилласы.

Бағасы $7,1 млн.

11

«Реал Мадрид» клубының көшбасшысы Роналду вилласын басқа командаға ауысуы мүмкін деген сыбыстан кейін сатылымға қойған еді. Үй 4000 шаршы метр ауданда орналасқан. Үй ішінде 7 бірдей жатын бөлме болса, сыртында екі хауыз бен бақ орналасқан.  

Эштон Кутчер

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 53-орын. Суретте Лос-Анджелестегі (Калифорния штаты) сарай.

Бағасы $8,45 млн.

12

Кутчердің алдында бұл үйді Джастин Бибер сатып алғысы келген болатын. Алайда бұл үй көп ақша ұсынған Кутчерге бұйырды. Үйден көлге қарай әдемі көрініс ашылады.

Канье Уэст

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 59-орын. Суретте Лос-Анджелесте орналасқан рэпердің үйі.

Бағасы $33,15.

13

Рэпер 380 шаршы метр ауданды құрайтын үйін мамыр айында сатуды жоспарлаған еді. Ал одан сәл уақыт бұрын Уэст өзінің құрбысы Ким Кардашьянмен бірге қаланың іргесіндегі ауданнан $11 млн. тұратын үй сатып алған болатын. Әншінің Манхэттенде де тағы бір үйі бар көрінеді.

Дженнифер Энистон

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 59-орын. Суретте Лос-Анджелестің Бел Эйр ауданындағы үй.

Бағасы $20,97 млн.

14

2011 жылы Беверли-Хиллздегі үйін $35 млн сатқаннан кейін әртіс осы ақшалардың есебінен Манхэттеннен әрқайсысының бағасы $7 млн. тұратын екі бірдей пәтер сатып алды. Кейін екеуін де сатып оның орнына Бел Эйрден үлкен үйге қол жеткізді. Ауданы 790 шаршы метрді құрайтын ғимаратта тіпті жеке жүзім өсіретін алқап та бар болып шықты.  

Жизель Бундхен

Әлемдегі ең беделді 100 жұлдыздың рейтингісінде 81-орын. Суретте Лос-Анджелестегі топ-модельдің үйі.

Бағасы $20 млн.

15

Қамалға ұқсайтын топ-модель мен оның күйеуі американдық футбол ойыншысы Том Брэдидің үйі 2050 шаршы метр ауданды иеленеді. Үй ішінде 8 жатын бөлмесі, спорт зал, хауыз, шарап сақтауға арналған қойма бар. Сондай-ақ алты бірдей көлікке арналған гараж және лифт те қарастырылған. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: venividi.com

Б. Қосмағамбет