Бүгін – Халықаралық валюта қорының құрылған күні

Бүгін – Халықаралық валюта қорының құрылған күні

Халықаралық валюта қоры әлемдегі қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін 1944 жылы 22 шілдеде құрылған болатын. Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы агенттігі болып табылатын қордың құрамына әлемнің 185 мемлекеті мүше. 29 елдің келісімі бойынша құрылған ұйым өз қызметін 1945 жылдың 27 желтоқсанынан бастаған. Қазіргі таңда әлемнің 110 елінде шамамен 2600-ден астам қызметкері бар әлемдегі ең беделді ұйымдардың санатына жатады. 

Халықаралық валюта қорының ресми мақсаты - әлемдегі қаржылық тұрақтылықты сақтап, мүше мемлекеттердің валюталық несиелік қатынастарын реттеуге және дағдарыс кезінде оларға шетел валютасымен қысқа немесе орта мерзімді несиелер беру арқылы көмек көрсетуге арналған. Сонымен қатар, қаржы саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа және дүниежүзілік сауданы дамытуға жәрдемдесу де қордың негізгі мақсатының аясына кіреді.

Халықаралық валюта қорындағы соңғы ресми деректерге қарағанда 2013 жылдың ақпан айында Қазақстанның халықаралық қоры 0,8 пайызға өсіп, 86,2 миллиард долларды құраған.

сурет: econominfo.com

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Ө. Сансызбай