Жалқау почташы 2000-нан астам хатты қоқысқа тастаған

Жалқау почташы 2000-нан астам хатты қоқысқа тастаған

Германия «Суретті хабар» газетінің 11 шілдедегі хабары. Германияда почта қызметкері 2170 дана хатты қоқыс сандығына тасап, қызметте жауапкерсіздік істеген. 10 шілде күні түстен бұрын бұл почта қызметкері хаттарды қоқыс сандығына төгіп жатқанда басқалар жағынан байқалған. Басқалардың мәлімдеуімен жергілікті қоғам қауіпсіздік мекемесінің адамдары барлық хаттарды қайтарып әкелген және сотта дәлел ретінде сақталып қойған.

Биыл 50 жасқа келген бас сотшы: «Мен 25 жылдық қызмет тарихымда дәл мынадай қылмысты көрген емеспін. Бұл хаттардың әрқайсысы ерекше маңызға ие. Сондықтан да бұл қылмысты ар сотына тапсыру керек шығар. Бәрінен де маңыздысы мұның ішінде махаббат, сүйіспеншілікке толы хаттардың болуы әбден мүмкін. Мен мұны әдеттегі қылмыс деп қарамас едім. Ал қылмыскердің анасы мен әкпесі де осы почта саласында қызмет атқарады. Олар өз қызметіне шөгел. Бірақ, оның не үшін мұндай қылмысқа барғанына таң қалып тұрмын» деген.

Ал қолға түскен почта қызметкері сотта өзін ақтап «Мен баяғыда-ақ бұл қызметті жаным сүймейтін. Тек ақша табу үшін осы қызметті істеуіме тура келді. Мен үшін бұл машақатқа толы жұмыс» дейді. Бірақ, оның бұл сөзі ешқашан сот шешіміне әсер ете қоймайды.

Бір қызығы, оның бұл жұмысқа орналасуына әлі бір апта да толмаған екен.

Ал иесі табылған хаттарды кейбіреулер қайтарып алғысы келмейді. Олардың айтуынша хат-хабарымыз межелі уақытта жетіп үлгерген жоқ дейді.

Ал жергілікті сот мүшелерінің сөзіне негізделсек, бұл қылмыскер екі жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек