Динамо ұшатын фокусымен бүкіл британдықтарды таң қалдырды

Динамо ұшатын фокусымен бүкіл британдықтарды таң қалдырды

Лондон қаласының тұрғындары нағыз ғажаптың куәсі болды – Стивен Фрейн есімді сиқыршы ағылшын елінің өзіндік символы саналатын екі қабатты қызыл автобустың жанында қалықтап тұрды.

Ағымдағы айдың 24-ші жұлдызында Динамо (Dynamo) деген лақап атпен танымал Стивен Фрейн британдықтарға ғажайып жаңа трюк көрсетті. 30 жастағы әртіс автобуспен Лондон қаласының әдемі жерлері жанынан жүріп өтті, жүріп өткенде де, автобус сыртын бір қолымен ұстап ұшып өтті – сиқыршы қоғамдық көлік төбесі жанында ешбір тірексіз қалықтап тұрған. Жол бойы сиқыршы мен қоғамдық көлікті полиция қызметкері алып жүрді.

Автобус салонында болған жолаушылар таң қаларлық фокусты егжей-тегжейлі көру мақсатында терезенің арғы бетінде қалықтап тұрған Стивенді тынымсыз фотоға түсірумен болды. Трюк аяқталғаннан соң, сиқырдың жауабын таппақ болған жолаушылардың сиқыршыға ең көп қойған сұрағы: «Денені ауада ұстап тұрған сымдар қайда орналасқан?» болған.

Айта кетсек, кеше ғана youtube.com-қа жарияланған осы бір трюк бір тәулік ішінде шамамен 150 мың рет көрілген. 

Дайындаған: Ерғали Елдос

Сурет: mirfactov.com

Ж. FM