Астанада тұңғыш рет көктемгі «Шаңырақ» арт-салоны ашылды

Астанада тұңғыш рет көктемгі «Шаңырақ» арт-салоны ашылды

Үстіміздегі жылдың 5 сәуірінен 5 мамырына дейін елорданың «Хас Санат» галереясында жас суретшілерді қолдау үшін арнайы ұйымдастырылған тұңғыш рет көктемгі арт-салон өтеді. Бұл туралы Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бірінші көктемгі арт-салонның шығармашылық тапсырмасының атауы - «Шаңырақ». Жас суретшілер өз туындыларында «Шаңырақ» ұғымының қазақ мәдениетіндегі маңызын толық ашып көрсетуі қажет. 

"Көрмеге ұсынылған туындылар түрлі пішінде, сан қырлы стильде орындалады. Олар: біздің мәдени кеңестігімізге қатысты дәстүрлі бейнелеу өнері немесе графика, сондай-ақ, бейне-арт инсталляция, тағы басқалар болуы мүмкін. Шаңырақ көктемгі арт-салонына қатысу үшін Қазақстанның барлық аймағынан және Қызғызстан мен Өзбекстаннан  40-тан астам өтініш түсті. Экспозицияда Алматы, Астана, Қарағанды қалалары мен Қырғызстанның 24 шеберінің 23 жұмысы ұсынылды.  Арт-салонға енбеген туындылар көруге тілек білдірушілер үшін  «Хас Санат» галереясы сайтына орналастырылады", - делінген таратылған ақпаратта.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көктемгі арт-салон - бұл өз кезегінде жаңа жұмыс үлгісін қалыптастырудағы тәжірибе іспетті. Алдағы уақытта оны тұрақты өткізіп тұру жоспарлануда.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: www.tumblr.com