3 cәуірде елдің солтүстігі мен шығысы жауынды болады

3 cәуірде елдің солтүстігі мен шығысы жауынды болады

3 сәуір күні Қазақстанның солтүстігі мен шығысында жауын-шашын болады деп күтілуде. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі "Қазгидрометтің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Қазақстанның көп жерінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстік және шығыс аймақтарда ғана тұман түсіп, қатты жел тұрып, көктайғақ пен жауын-шашын болуы мүмкін", - делінген таратылған ақпаратта. Маңғыстау, Атырау облыстарында шаңды боран тұрып, жел жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысында тұман түнде түседі. Сонымен қатар, екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысындағы ауа-райы да дәл осындай болады деп болжанып отыр.

Астанада ауа температурасы күндіз 3-4 градус нөлден жоғары болады. Алматыда жауын жаумайды, бірақ күн бұлтты болады. Оңтүстік астанада күндізгі температура 8-10 градус шамасында болады деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: sunhome.ru