Үй жануарларына салық салынуы мүмкін

Үй жануарларына салық салынуы мүмкін

Үйіңізде ит, мысық сияқты үй жануарларын ұстасаңыз, онда сол «сүйіктіңіз» үшін салық төлеуіңіз мүмкін. Соңғы жылдары қалада қаңғыбас иттер мен мысықтардың көбеюі мұндай заңның қабылдануына түрткі болып отырған сыңайлы. Мамандардың пікірінше, үй жануарларына салық салу ісі осы мәселе жөніндегі күрделі түйінді бірден ретке келтіре алмайды. Ол үшін әрбір отбасы саналы түрде үй жануарларын дер мезгілінде тіркелімге алғызуы керек.

Анығын айтар болсақ, жыл сайын иесіз иттер мен мысықтарды аулауға ел бюджетінен қомақты қаржы бөлінетіні белгілі. Бірақ, тендрге қатысқан мекемелер осы жұмыстарын түбегейлі атқармай отырғанын жануарлардың әлі де өріп жүргенінен-ақ байқауға болады. Сондықтан үй жануарларын тіркеуге алу мен оларға салық салу мәселесі қатар жүргізілуі мүмкін.  

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: voxpopuli.kz

M. Auelkhan