Шымкентке тропикалық құстар келді

Шымкентке тропикалық құстар келді

Шымкент қаласында орналасқан өлкетану мұражайында тропикалық құстар көрмесі өтіп жатыр. Ғимаратта экзотикалық құстардың 20 түрі жиналған. Бұл туралы Тудэй.кз хабарлады.

Көрме 2 маусымға дейін жалғасады. Қонақтар, амадин, гвиней туракосы, ара және ниф секілді құстарды өз көзімен көре алды. Фотоға түсуге рұқсат берілген.

fg

hj

j

jk

l;

jk

jk

jk

Ұйымдастырушылардың айтуынша, қанатты тіршілік иелерін тамақтандыруға, тіпті сипап көруге де болады. "Бұл жас балалар үшін өте қызық болады деп ойлаймыз. Ал сөйлей алатын тотықұстар тек жасы кішілер үшін емес, ересектердің де қызығушылығын тудырады", - деді мұражай қызметкерлері.

Көрме ұйымдастырушысы Қарлығаш Еспенбетованың айтуынша, әр құстың өзіндік мінезі бар. Мәселен Абу есімді тотықұс көңіл-күйі болса ғана би билеп, сөйлейді.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: today.kz

Massaget