Ұлттық банк жаңа банкнот шығарды

Ұлттық банк жаңа банкнот шығарды

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 2000 теңгелік банкноттың жаңа түрін шығарғанын бүгін жариялады деп хабарлайды BNews.kz.

Жаңа банкнот 139х73 мм қағаз көлемінде жасалған.

Басқы бет: қара және ашық жасыл түсті суреттермен көмкерілген, олар вертикалды бағытта орналасқан. Негізгі сурет «Қазақ елі» монументі. Сонымен қатар, аспанда самғаған көгершіндер орта тұсында бейнеленген.

Банкноттың төменгі бөлігінде түс ауыстырғыш бояумен сайғақ бейнеленіпті. Ал жоғарғы бөлігінде ҚР мемлекеттік нышандары бар: мемлекеттік елтаңба мен мемлекеттік ту.

Жоғарыдан төменге қарай номиналды сандық белгісі жазылған. Орта тұста номиналдың құндылығы мемлекеттік тілде берілген. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" жазуы банкноттың сол жақ бөлігінде.

Теріс беті: бұл бетте де негізгі айшық түстер қара және ашық жасыл да, бірақ суреттер горизонталды бағытта бейнеленген. Қазақстан территориясының картадағы сызбасы ішінде Ертіс өзенінің суреті бар.   

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: nur.kz

А. Құлтай