Алматыға Юрий Никулиннің циркі келеді

Алматыға Юрий Никулиннің циркі келеді

Алматыда 6-сәуір мен 12-мамыр аралығында аңызға айналған Юрий Никулиннің Циркі өнер көрсетеді. Бұл туралы artinfo.kz сайты хабарлады.

Алматылықтар мен қала қонақтары Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері мен халықаралық цирк өнері конкурстарының дипломанттары және лауреаттарының қойылымдарын тамашалайтын болады. Бағдарламада әлемдік цирктік классикасы "Еркіндіктегі жылқылар" шоуы, акробаттартың, әуе гимнасттарының, аюлардың, иттердің, көңілді клоундардың, жонглерлардың өнерлері бар.

Билет бағалары 1000 теңгеден 5000 теңгеге дейін болады.

 

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: tengrinews.kz

Massaget