Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Алматы достарды қарсы алады" қайырымдылық концерті өтті

"Алматы достарды қарсы алады" қайырымдылық концерті өтті

Алматыда өтіп жатқан "I Халықаралық балалар өнер фестивалі" атты қоғамдық шара ауқымында бүгін, 26 наурыз күні Жамбыл атындағы Филормонияның концерт залында "Алматы достарды қарсы алады" қайырымдылық концерті өтті.

Концертке көрермен ретінде жетімдер үйлерінде тұратын, интернаттарда оқитын балалар шақырылды. Концерттен табылған ақша жетімдер үйін паналаған және жағдайлары нашар отбасылардың балаларына табысталады.

Кешті ұйымдастырушы KS-production орталығының продюсері, танымал жазушы мен ақын Карина Сарсенова ашты. Ол өзінің жаңа туындыларымен таныстырып, көрермендердің сұрақтарына жауап берді.

"Қазына" вокал тобы тірідей дауыспен таң қалдырды.

"Тенгри" триосы дәстүрлі әндерді орындады. 

Ал оның құрамындағы рок-әнші Асем өзінің стилінде өнер көрсетті.

Итальяндық әнші Аугусто Амикуччи қазақ тілінде "Қара Жорғаны" орындады.

Келесі кезек бүлдіршіндердің өзінде болды. Қайырымдылық концертке фестивальға Қазақстан атынан шыққан балалар қатысты.

Олардың өнері мен құлшынысы керемет көңіл күй сыйлады.

Көрермендердің көбісі жетімдер үйлерінің балалары болды.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - қазақстандық балалардың Халықаралық сахнаға шығып, түрлі елдерде танылуы. Дарынды бүлдіршіндер мен олардың ұстаздарын үйретіп, шығармашылықтарын жаңа деңгейге көтеру. Олар көрермен бүлдіршіндерді өнерге итермелеп, болашақта осы сахнаға көтерілуін тіледі.

Дайындаған және суретке түсірген: Сания Аринова

597 0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Сания А
Қосылған күні: 26 наурыз 2013, 20:20
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...