Оқи отырыңыз

Мойындағы борышты білу – білімнің ісі, борышты төлеу – адамшылық ісі

Автор: Ахмет Байтұрсынұлы

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Жұлдызды блогтар —

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / "Керуендегі" француз ғажайыбы

"Керуендегі" француз ғажайыбы

Қазақстанда наурыз айының он бесінші жұлдызынан бері Франкофония мерекесі өтуде. Апталықтың аяқталу уақыты - сәуір айының алтысы деп жоспарлануда.

Бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі, күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді. Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым-географ Элизе Реклю қолданған болатын. 1970 жылғы наурыздың 20-ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты барлық француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру болып табылады.

Мерекелік шаралар Астана, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Өскемен, Шымкент қалаларында өтеді. Осы орайда елордамызда өтіп жатқан шараның біріне бас сұғып көріп едік. Назарларыңызға мерекеден бірнеше көріністерді ұсынып көрмекпіз.

Астанадағы "Керуен" сарайында өткен Франкофония жәрмеңкесі қазақстандық француз тілінің білгірлерін бір ортаға жинап, сыйлықтар мен мерекелік көңіл күй сыйлады.

Шараның ұйымдастырушылары - Франция, Бельгия, Канада, Румыния, Щвейцария елшілігі және Астана қаласының Француз Альянсы.

Ойын-сауық орталығының үшінші қабатының төріне құрылған шағын сахнаға көтерілген барша көрермендерге түрлі викториналық сұрақтар жасырылып, ойындар ойнатылды, конкурстар өткізілді.

Қазақ және француз тіліндегі әндер шырқалып, би биленді.

Орталықта ұзына бойы тігілген шатырларда француз ірімшігі мен шарабының, франуздық дәмді тоқаштар мен круассандардың жәрмеңкесі ұйымдастырылған.

Француз тілінің сиқырлы әлеміне еніп, франкофония мәдениетімен танысамын десеңіз әлі де кеш емес! Мереке жоғарыда аталған қалаларда жалғасатын болады.

Суреттерді түсірген және дайындаған: Айгерім Сматуллаева

1261 3
Рейтинг: +4

Дайындаған: Кәусар Мұң
Қосылған күні: 24 наурыз 2013, 17:18
Пікірлер
+0
24 наурыз 2013, 16:24

Керемет екен, бастысы бәрі тегін! :lol:

+0
25 наурыз 2013, 08:19

Сонда біз француз тілінде сөйлейміз ба :P

+0
25 наурыз 2013, 11:57

француз бен қазақ тілінің біршама ұқсас сөздері бар дейді ғой.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

"Мектеп 2017" 1-бөлім

Атауы: Мектеп 2017 Режиссері: Пак Джин Сок Бөлім саны: 16 Басты рөлдерде:  Соль Ин А, Чан Дон Юн, Ким Се Чжон, Ким Хи Чон

BTS –
BTS – "Blood,sweat & tears" [kaz_sub]

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл, 13 маусым

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев