Халықаралық балалар өнер фестивалі

Халықаралық балалар өнер фестивалі

22-27 наурыз күндері Алматы қаласында "I Халықаралық балалар өнер фестивалі" атты кең ауқымды қоғамдық шара өтеді. 

Фестивальдің ашылуы мереке күні, яғни 22 наурызда "Астана" алаңында 13.30-да өтеді. Жарыс күндері Мүсірепов атындағы театрда 22-25 наурыз күндері болады. 

Шара ауқымында 26 наурыз күні сағат 15.00-де Жамбыл атындағы Филормонияның концерт залында "Алматы достарды қарсы алады" қайырымдылық концерті өтеді. Концерттен табылған ақша жетімдер үйін паналаған және жағдайлары нашар отбасылардың балаларына табысталады.

Ал сайыстың нәтижелерін келтіру, әділ қазылар, ұйымдастырушылар мен журналистердің қорытынды кездесуі 27 наурызда Жамбыл атындағы Филормонияда 18.00-да өтеді.

Бұл фестивальға Қазақстан, Грузия, Украина мен Түркия елдерінің атақты өнер адамдары әділ қазылар ретінде шақырылып отыр. 

Шара барысында балалар мен олардың ұстаздары Түркиядан келген Арман Карабаев пен Замира Рысаева, грузиялық Георгий Бенделиани, украиналық Инна Машковскаядан мастер-класс сабақтарын ала алады. Танымал қазақстандық жазушы және ақын Карина Сарсенова мен рок-әнші Асем Копбаевамен де кездесу мүмкіндігі бар.

Сайысқа түрлі елдерден 5-17 жас аралағындағы балалар мен бүлдіршіндер қатысады. Жүлделі орындарға ие болғандарға сыйлықтар, бастысы - Алмалы әкімінің сыйлығы табысталады. Жеңімпаздарға сондай-ақ Халықаралық ән фестивальдарына жолдамалар беріледі. Әрине барлық балаларға кәдесыйлар мен сертификаттарға ие болады.

Ұйымдастырушылардың басты мақсаты - қазақстандық балалардың Халықаралық сахнаға шығып, түрлі елдерде танылуы. Дарынды бүлдіршіндер мен олардың ұстаздарын үйретіп, шығармашылықтарын жаңа деңгейге көтеру.

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: blogsochi.ru

С. А