Астана жолдарымен апатқа ұшыраған автокөліктер жүріп өтті

Астана жолдарымен апатқа ұшыраған автокөліктер жүріп өтті

Бүгін Астанада "Біз – жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!" алдын алу акциясы аясында Алматы ауданының орталық көшелерімен апатқа ұшыраған автокөліктер легі жүріп өтті. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласының әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

«Бүгін «Біз – жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» алдын алу акциясы аясында Алматы ауданының орталық көшелерімен апатқа ұшыраған автокөліктер мен автобус тиелген 4 эвакуатор легі жүріп өтті. Көліктер шеруін Жол полициясы басқармасының патруль машиналары алып жүрді», - деді шара ұйымдастырушысы Астана қаласының ІІД-нің Жол полициясы басқармасының мамандары.

Шеру Есіл ауданы аумағында: Жастар сарайы алаңынан басталып – Отан Ана алаңы – Оқушылар сарайы – Шабыт сарайы – Пирамида – Тәуелсіздік сарайы – Л.Гумилев атындағы ЕҰУ арқылы өтіп, №4 мектептің жанында аяқталды.

df

Көлік легі маңызды нысандардың жанында тоқтап, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол жүру қауіпсіздігі жөніндегі буклеттер мен жадынамалар берілді.

Мекеменің хабарлауынша, іс-шара оқушылардың көктемгі демалысы қарсаңында балаларды жол-көлік апаттарынан сақтандыру мақсатында 11-16 наурыз аралығында Астанада жүргізіліп жатқан «Біз – жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» кең ауқымды акциясы аясында өтті.

df

Сонымен қатар, «Біз – жолдағы қауіпсіздікті қолдаймыз!» акциясы аясында №4 мектеп базасында Алматы және Есіл ауданындағы мектептер арасында «Жас тілші» байқауы және Үгіт бригадалары арасында байқау өтті.

df

Акцияны «Нұр Отан» ХДП, «Жұлдыз» балалар қоғамдық ұйымы одағы», «Жас Ұлан» бірегей балалар мен жасөспірімдер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестіктерінің қолдауымен Астана қаласының ІІД Жол полициясы басқармасы мен Білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: news.namba.kg, info-tses.kz

Massaget