Астанада автожорық өтеді

Астанада автожорық өтеді

Астанада "Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!" аттыкең ауқымды автожорық өтеді. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Астана қаласы әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

"Балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу мақсатында көктемгі каникул қарсаңында жол полициясы қызметкерлері жас жол инспекторларымен бірге 2013 жылдың 11-нен 16 наурызына дейін Астанада «Біз жолдағы қауіпсіздік үшін!» кең ауқымды автожорығын өткізеді", - делінген таратылған ақпаратта.   

Қозғалыс тізбегі бағдары Есіл ауданының аумағында өтеді. Атап айтқанда: Жастар сарайынан басталып, одан әрі Ту тұғыры, Цирк, Мега, Думан, Оралық парк, Хан Шатыр, Керуен, Бәйтерек, «Әнші субұрқақтар», Министрлер үйі,  Нұр жол орталық әкімшілік гүлзарында аяқталады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, әрбір маңызды  нысанға жас жол инспекторлары тоқтап, фотосессия өткізеді, көлік құралдарын жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы шағын кітапшалар мен жадынамалар таратады.    

Сонымен қатар, акция аясында 2013 жылдың 11 наурызынан бастап елорданың барлық мектептерінде 1-5 сынып оқушылары үшін "Жолдос көмекке асығуда!" анимациялық сериалы көрсетіледі. Автожорықтың басталуы сағат 10.00-де.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: inhit.ru

Massaget