Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / «Шипагерлік баяндағы» тәлім

«Шипагерлік баяндағы» тәлім

«Шипагерлік баяндағы» тәлім

Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» еңбегі 1470 жылдан бастап Жәнібек ханның тапсыруымен жазылған қазақ халқының үлкен медициналық еңбегі. Еңбекте жүрек, ми, сөл (адам организмінен бөлінетін) т.б. мүшелердің адам организмінде алатын рөлі, күйік, үсікті емдеу, тамыр ұстау сияқты өзекті мәселелер айтылған. Кітапта шешек ауруына қарсы вакцина егуді ағылшын ғалымы Э.Женнерден (1796) 320 жыл бұрын жазғандығын атап айту қажет. Аталған кітаптағы тілдік, тәрбиелік дүниелердің алатын мәні мен маңызы ерекше. Бүгін «Шипагерлік баян» кітабындағы қазақ ырым-тыйымдарына қатысты дүниелерді оқырмандармен бөлісуді жөн көрдік.

  1. Қай-қашан да қонаққа тиіспеу. Қонақ дидар-ғайып дегендей, қай мезгілде үйге қонақ келсе қарсы алып, күтіп алу мағынасында айтылған.
  2. Қай-қашан да көршіге тиіспеу. Қазақ көршісін ренжітпеген, көршілермен тату-тәтті болуды дәріптеген.
  3. Қай-қашан да елшіге тиіспеу. Cонау жаугершілік заманнан бері екі жақ елшіге тиіспеу туралы келісім жасасқан. Қай-қай елшіге де тиісуге болмайды.
  4. Өзіңді зор, басқаны қор деме. Көппен көрерсің, еліңнен айырылма, өзіңді мықтымын деп өзгені қор санауға болмайды.
  5. Кебенек іші мың арып, мың семірмек. Жаныңды алса да, сырыңнан айырылма. Адамдар өмірде бірде азап шексе, бірде рахат көреді, құпияны сақтай білу, өзіне опасыздық жасамау керек.
  6. Жаман деп қатыныңнан, көшемін деп алып қойған отыныңнан айырылма. Өз туыс, ағайындарыңнан безбе, өзіңе-өзің мықты бол.
  7. Пенде қадір санаты бес қаруды тастама. Шыбын жаның шыққанша намысыңнан айырылма, жаман жолдасың болса, жаныңда қанжарың болсын, өлімнен ұят күшті, кезі келгенде намысты қорғай білу керек.

 

Дайындған: Мейіржан Әуелханұлы

Сурет: mail.ru

1519 2
Рейтинг: +0

Дайындаған: Meyirzhan Auelkhan
Қосылған күні: 28 ақпан 2013, 13:42
Пікірлер
+0
28 ақпан 2013, 14:31

"Қай-қашан да елшіге тиіспеу". Кейбір елдер осы заңды бұзғандығы тарихтан белгілі.

+0
01 наурыз 2013, 09:50

Осы кітаптты жиі оқу керек екен, көп пайдалы мәліметтер бар дейді

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...