Қазақстандық блогшылардың тізімі жасалады

Қазақстандық блогшылардың тізімі жасалады

Қазақстандағы ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының мәліметтер базасы жасалады. Бұл туралы мемлекеттік ақпараттық саясаттың өзекті мәселелеріне арналған кеңесте Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Inform.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

"Еліміздегі қоғамдық-саяси өнімдерді шығарумен айналысатын барлық мемлекеттік ұйымдардың, ең танымал әрі ықпалды аналитиктердің, блогшылардың, әлеуметтік желілер модераторларының біртұтас мәліметтер базасын құру керек. Бұл жұмыс 2 ай уақыт ішінде аяқталу керек. Бізде мәліметтер базасы болуы керек, шамамен сәуір айынан бастап осы бағыттағы жұмысты жандандыруға тиіспіз. Мен осыны талап етемін, алайда бірде-бір мемлекеттік органдарда ондай мәліметтер базасы жоқ. Бұл дұрыс емес. Осы жұмыспен ұдайы айналысатын адам керек", - деді хатшы.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: azattyq.org