Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Біздегі бағдарламалардың атауы...

Біздегі бағдарламалардың атауы...

Біздегі бағдарламалардың атауы...

Қазақ сөзге бай, шешен халық. Біз бұл сөзді қазір ел ағасы жасына жеткендерден көп естиміз. Құнарлы сөздер бар, тіпті көп, әрине. Біздің сол сөздерді қолданыстан шектейтін әдетіміз бе әлде қасиетіміз бе (қалай айтса да орынды), бар-ау осы. Сонымен, сын сызат түсірмесін деген ниетпен біраз қазақша атауларды сараптап көрелік.

«Базар жоқ!». Мұны көшеде көп естиміз. Күнделікті қолданыстағы ауызекі орыс тілінің «базара нет», «без базара» сөзін теліп, көлегейлеп алдық. Астана «Базар жоқ» көңілді тапқырлар театрының атауын жетекшісі Тұрсынбек Қабатов ауыстыруға бел буған екен. Мейлі. Әрмен қарай...

«Наша KZаша». «Наша Russia!» атты телеөндірістегі ең сәтті жоба саналатын ресейліктердің әніне салдық-ау. Орыс тілінде бұл сөз өте-мөте дұрыс екеніне назар салайық. Бұдан кейін «қазақ» сөзін өзге ұлт өкілдері қалай айтатынына мән беріп қарайық. «Қазақ» сөзіне «-ша» жалғауын жалғай салу біздің ең дұрысы деп тапқан ойымыз екен. Қош...

«Ду қол шоколад!». «Ду қол шапалақ!» сөзінің өзі құнсызданып бара жатқанын күлкілі емес әзіліне даурығатынынан, не сол жанкүйерлердің көмегінсіз арқасы қозбайтын той асабаларының ең көп айтатын сөзі екенін білген соң-ақ аңғарамыз. «Шапалақ» емес-ау, «шоколады» несі дейсің. Әзіл мен шоколадтың нендей байланысы бар екенін білесіз бе? Білсеңіз, мына адрестегі поштаға жазып жіберіңізші: arda...@mail.ru. Әрмен қарай...

«Жарайсың!». Рақмет деп алайық. Әйтеуір жарайды екенбіз. Қате ұғынбасаңыздар екен. Бірақ Ел-арна арнасының бұл бағдарламасы мазмұн жағынан түк те қатыссыз екенін білеміз ғой. Әйтеуір «Жарайсың!». Бопты...

«Анда-санда». КТК арнасынан «Анда-санда» атты КТК (КВН) осы аттас командасының өнерін көрсетеді екен. Олардың әзілі қандай? «Бір қызды таңдасаң да, Сен де қызға барып тұр анда-санда, Алдарыңызда «Анда-санда». "Неліктен бағдарлама атын осылай қойдыңыз?" деген сұраққа жауап жоғарыдағы сөз болып отырған сыңайлы.

Міне, қызықты атауларды жинадық. Тағы қанша салмақсыз сөзге құралған атаулардың барын білу үшін санауымыз керек. Не дейміз, «Наша KZашаның» «Базар жоқ!» өнерпаздарына «Анда-санда» осылай «Жарайсың!» деп тұрайық. Әйтпесе біздің де, яғни салмақты ойды іздейтін жастардың да барын ұмытпасын олар...

Ардақ Құлтай

202 0
Рейтинг: +9

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 18 ақпан 2013, 17:40
Пікірлер
+0
18 ақпан 2013, 17:36

Шаншар: әйтеуір бізді "анда-санда" ұмытып кететіндері бар деп жүрмесін :lol: :lol: :lol:

+0
18 ақпан 2013, 17:42

Автор мәселені дұрыс көтерген сыңайлы. Қазіргі қазақша атаулардың біразы сын көтермейді. Неліктен екен?

+0
18 ақпан 2013, 17:55

«Наша KZаша» деген тіптен қойыртпақ бірдеңе. Атауын есіткенім болмаса, көрмеген екем, сондықтан мазмұнына сай, сай емес екенін айта алмаймын. "Ду қол шоколад" та не орысша емес, не қазақша емес... Не көл емес, не шөл емес дегендей. Мағынасы да қиыспайды тегі. "Анда-санда" деген не сөз өзі? Анда-санда көретін бағдарлама дегенге саяды екен, хеххеххехе. "Базар жоқ" атауын өзгерткелі жатыр екен, ештеңе демей-ақ қояйын ))) Ал "Жарайсыңға" сәл бүйрегімді бұрмақпын. Жарайсың деп айтуға тұратын адамдарды қонақ ететіндіктен солай атаған шығар. Пікірімнің соңында айтарым: Ана тілін шұбарламасақ екен...

+0
18 ақпан 2013, 18:01

Бізде жалпы ат ойлап табумен проблема. Баланы не деп атаймыздан бастап, бағдарламаны не деп атасақ болады деген сияқты. Креатив жетіспейді: ол үшін әлбетте білім, ой-өріс, заманауилық қажет.

+0
18 ақпан 2013, 18:05

Дұрыс екен. Енді осы жазбаны оқып, бағдарлама атауын қоюшылар ойланады деп ойлаймын

+0
18 ақпан 2013, 18:35

еееееееее, "баламның қай жылағанын айтайын" дейтін еді апа....

+0
18 ақпан 2013, 20:38

Бағдарлама аттарына қарап тіпті көргің келмей қалады расымен. Дұрыс қозғапсың!

+0
18 ақпан 2013, 23:03

телеарналарға ескетпе өзекті мәселе

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...