Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматыдағы орталық мұражайға кіру тегін болады

Алматыдағы орталық мұражайға кіру тегін болады

Алматыдағы орталық мұражайға кіру тегін болады

Ақпан айының 16-17 күндері қазақстандықтар Алматыда орналасқан Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайын тегін кіріп, қонақ бола алады. Бұл туралы ҚР Халық банкінің баспасөз қызметі хабарлады.

Акцияны биыл 90 жасқа толып отырған ҚР Халық банкі ұйымдастырып отыр. Банк өкілдерінің айтуынша, қазақстандықтарды "Халық мәдениеті мен өнері" атты ауқымда шара күтіп тұр. Ел азаматтары Орталық мұражайға тегін жолдаманы осы шара аясында алып отыр.

«16-17 ақпан аралығында «Ашық есік күндері» акциясы өтеді. Банктің қаржылай қолдауымен, қазақстандықтар осы күндері мұражайға тегін кіре алады. «Палеонтология және археология», «Тарихи этнография», «Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан және диаспора мәдениеті», «Қазіргі Қазақстан» залдары бойынша экскурсия жүргізіледі. 16-28 ақпан аралығында аталған іс-шара шеңберінде Орталық мұражай Банкпен бірлесіп «ҚР МОМ қорының кеңес дәуірі мен тәуелсіздік жылдарындағы нумизматикалық коллекциясы» атты көрме ұйымдастырады, көрме материалдарының бір бөлігі «Қазақстан Халық Банкі» АҚ дамуының тарихи белестеріне арналады», – делінген таратылған ақпаратта.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: voyage-hotel.kz

2415 4
Рейтинг: +1

Қосылған күні: 12 ақпан 2013, 16:36
Пікірлер
+0
12 ақпан 2013, 16:26

Демалыс күндеріне қойыпты, неге бармасқа?

+0
12 ақпан 2013, 16:29

мұражайға апаратын автобусты тегін қылса....

+0
12 ақпан 2013, 19:16

үш рет барып қойғанмын) аса қымбат емес негізі)

+0
13 ақпан 2013, 06:53

Алтындар бөлімі де тегін бе екен?

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...