Алматыда бүгін де тұман сейілмейді

Алматыда бүгін де тұман сейілмейді

Қазақстанның басқа аймақтарында қар жаууы мүмкін. 

"Қазгидромет" пен Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны сақтау Министрлігі Қазақстанның көптеген аймақтарында қалың қар жауып, боран болатынын хабарлауда. Сонымен қатар көптеген аймақтарда желді және тұманды ауа-райы да күтілуде. Бірақ еліміздің оңтүстігі мен батыс бөлігінде қар жаумауы ықтимал.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарынада боранды жел тұрып, Қостанай, Ақмола (түнгі мезгілде), Шығыс Қазақстан (түнде және таңертең) облыстарына тұман түседі. 

Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстарында тұман болады деп күтілуде. Жел күші 15–22 м/с. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарына қар жаумаса да, тұман түседі деп жорамалдануда. 

Ал Қарғанды облысында түнде тұман болып, күндіз 18 м/с күшпен жел тұрады.

Алматы облысында тұман болады деп күтілуде. Жалаңашкөл ауданында күндіз 27 м/с қарқынмен соғатын жел күші сақталады.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: kursiv.kz 

А. Әбілхан