Қазақстанда 3D-мұражайлар пайда болмақ

Қазақстанда 3D-мұражайлар пайда болмақ

Өмір мен өнердің арасын жалғап тұрған мұражай қай халықтың болмасын мәдениетінің ошағы саналады. Онда ғасырдан ғасырға асқан, дәуірден дәуірге көшкен мұралар мен шын өнердің арқасында жарыққа шыққан табиғи туындылар сақталады. Мұражай толықтай халықтың қазынасына айналғанда ғана ұлттың өз тарихы мен мәдениетіне бей-жай қарай алмастығы дәлелденбек.

Бүгінгі заман мұражай серпілісін сезінуде. Тарих жаңарған сайын мұражай үйлерінің саны артуда. Сан жағынан да, сапа жағынан да өсім жоқ емес. Уақытқа "хош!" деген сайын артымызда мұражайдың экспонатына айналар дүниелер көбеюде. 

Арғы тарихы тереңнен сыр шертетін қазақ елі де мұражайға кенде емес. Аты жер жаратын жандардың артынан талай мұражай үйлер ашылуда. 

Бүгіндері мұражай құндылықтарының ортақ қоры 12 000 экспонатты құрайды. Бірінен-бірі асып тұрған құнды дүниелердің ғұмыры да ұзақ болғай. 

Мұражай ісіне байланысты жағымды ақпарат!

Былтырдан бастап "Виртуалды интерактивті 3D үлгісіндегі ғылым мұражайын" жасау бағдарламасы қолға алынған болатын. Жобаны жүзеге асыру үшін арнайы зерттеу орталығы құрылды.  Бұл жоба жайында президент Н. Назарбаев ресейлік «3Дримтим-VIZERRA» компаниясымен ынтымақтастыққа отырды. 

Болашақта қазақстандықтар да басқа мемлекеттердегідей мұражай экспонаттарын 3D үлгіде тамашалайтын болады.

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

суреттер: belgazeta.by, oskemen.info 

А. Әбілхан