Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / Алматы облысында тағы 3 сілкініс сезілді

Алматы облысында тағы 3 сілкініс сезілді

Алматы облысында тағы 3 сілкініс сезілді

Алматы облысында тағы да 3 жер сілкінісі орын алды. Бұл туралы Massaget.kz тілшісі Білім және ғылым министрілігінің Ғылым комитеті жанындағы Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасай отырып хабарлады.

Орталықтың ақпараты бойынша, Астана уақытымен 23.09-да Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 225 км қашықтықта 4,5 балдық, 23.12-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 232 км қашықтықта 4,7 балл, 23.31-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 225 км қашықтықта 5,1 балдық жер сілкінісі болды. Осылайша Кеген және Нарынқол елді мекендерінде жер сілкінісінің магнитудасы 2-3 балл болып сезілген. Апаттар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Естеріңізге сала кетелік, бұған дейін 28 қаңтар күні Астана уақытымен 22.38-де Алматы қаласынан шығысқа қарай 227 км қашықтықта 10 километр тереңдікте 6,3 балдық жер сілкінісі орын алғандығын айтып едік. Алматыдағы сілкіністің магнитудасы  4-5 балл болды.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: Массагет мұрағатынан

245 0
Рейтинг: +0

Қосылған күні: 29 қаңтар 2013, 00:36
Пікірлер
+0
29 қаңтар 2013, 07:55

ұйықтағалы жатқам, керуетім тербеледі, қыздар ойнап жатыр екен деп, атып тұрсам екеуі көздері бақырайып құшақтасып отыр, атып тұрып жандарына барамын, өте қауіпті ғой, тәубемізге келіп қалдық... Алматыда тұруға қорқасың)

+0
29 қаңтар 2013, 09:37

Иә, кәдімгідей қозғалды. Қатты қорықтық. Бұдан да қатты шайқалып, жер опырылып кетсе не істейміз деген ой келді. Қайда қашамыз? Қайда барамыз? Шарасыз болып қалады екенсің. Далада ел өріп жүр. Қолдарында жүктері бар. Біз тіпті жер сілкінетінін білмедік те. Өмірімде бірінші рет жер сілкінісін сезіп тұрмын. Қорқынышты екен ғой, ә )))

+0
29 қаңтар 2013, 09:48

ужас, қатты қорқып кеттік қой. Басым қатты айналды, давлением түсіп кетті. Афтершок болмаса екен.

+0
29 қаңтар 2013, 10:45

агентчиктердің шулағанын айтцай :lol:

+0
29 қаңтар 2013, 10:46

госпрограммамен алған үйде тұрып жатқандар тіпті шошыған шығар, бәрі қолдарына жүктерін ұстап ап далада жүрді дейді ғой

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...