Жер сілкінісі Алматыдан 230 км қашықтықта болды

Жер сілкінісі Алматыдан 230 км қашықтықта болды

Алматыда орын алған жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан 227 километр қашықтықта орналасқан. Бұл туралы Еуропа-Жерорта теңізі сеймологиялық орталығы хабарлады. Құбылыстың магнитудасы 6,3 балл.

Орталықтың ақпараты бойынша, сілкініс 28 қаңтар күні Астана уақытымен 22.38-де тіркелген. Эпицентр Алматы қаласынан шығысқа қарай 227 км қашықтықта 10 километр тереңдікте орналасқан.

Қазақстанның Білім және ғылым министрілігінің Ғылым комитеті жанындағы Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясының ақпараты бойынша, жер сілкінісінің энергетикалық класы 15,1. Құбылыстың эпицентрі 42.64 градус бойлық, 79,57 градус ендікте орналасқан. Апаттар мен жарақат алғандар туралы ақпарат жоқ.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: emsc-csem.org