"Қызыл Кітапқа" енген үстірт арқары Маңғыстауға ауып келді

"Қызыл Кітапқа" енген үстірт арқары Маңғыстауға ауып келді

Қазақстанда саны азайып, жоғалудың аз-ақ алдында тұрған Үстірттің эндемик жануары – үстірт арқары өз мекеніне қайта ауып келді. Мамандардың айтуынша, арқардың саны қазір қалпына келе бастаған болуы керек. Өйткені соңғы кездері арқардың фототұзаққа түсуі де жиілеген. Бұл жайлы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассиоциациясы (АСБК) мәлім етті.

Ассиоциация мамандарының айтуынша, үстірт арқары – Қазақстанның Түркіменстан және Өзбекстанмен шекараласы оңтүстік-батысында таралған эндемик жануар. Яғни, Қазақстанда ғана таралған арқардың түрі. Негізгі тіршілік ету аймағы – Үстірттің шығыс жақтағы қырат-жоталары.

"Арқардың Маңғыстаудан жоғалып кеткеніне 30 жылдай уақыт болған еді. Жоғалудың аз алдында тұрған жануар-тұғын. Үстірттің солтүстік қыраттары мен Көлеңкелі массивінде ғана кездесетін. Алайда қазір арқар көбейе бастаған сыңайлы. 2018 жылдан бері тау арқарын көп кездестіретін болдық, Желтау мен Доңызтау аймағындағы фототұзаққа көп түсіп жүр. Бұл таулар Атырау мен Ақтөбе облысында жатыр. Қозысы мен қойын әзірше көре алмадық. Соған қарағанда арқар әлі бұл мекенге толық ауып келмеген сыңайлы. Бірақ Үстіртке қайта бой үйретсе, онда төлдейтін мекенге айналдыруы ғажап емес", – деп жазылған Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассиоциациясы таратқан ақпаратта.

Мамандардың айтуынша, Доңызтау мен Желтауда жергілікті аң-құс көп тараған жерлер. Арқардың оралуына бұл да әсер етуі мүмкін.

Үстірте арқары – Қазақстанның "Қызыл Кітабына" енген жануар. ІІІ категориясына жатады. Яғни, таралу аймағы мен саны азайып бара жатқан жануарға жатады.

Үстірттің солтүстігінде құнды жануар түрлері көп. Қазір Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассиоциациясы Атырау облысы әкімдігімен бірлесіп "Солтүстік Үстірт" атты зоологиялық қорықша құруды қолға алды. Шара "Шөл экосистемасын сақтап қалу бастамасы" аясында жасалып жатыр.

Қ. Слямбек