Еліміз биыл өзін астықпен толық қамтамасыз етеді

Еліміз биыл өзін астықпен толық қамтамасыз етеді
Фото: Depositphotos_ BrianAJackson

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Қарашөкеев Ербол Шырақпайұлы «Жем-шөппен қамтамасыз ету және егін жинау науқаны» тақырыбы бойынша Үкімет отырысынң сөзінде атқарылған және алдағы атқарылар жұмыстар туралы айтып өтті.

Ауыл шаруашылығы министріның айтуынша, мал азығын шешу үшін үкімет жергілікті әкімшілікпен бірігіп бірқатар шаралар қабылдаған.

«Атап айтқанда 2022 жылғы қаңтарда ауыл шаруашылығындағы аналық басты күтіп, бағу үшін үкіметтен Маңғызтау облысына 663,9 миллион теңге бөлінді. 2022 жылы облыс әкімдерінен мал азығын сатып алу бойынша 11,5 миллиард теңге субсидия бөлінді. Биыл сәуірде 700 мың тонна жем сатып алу үшін азық-түлік  корпорациясының жарлық капиталын ұлғайтуға 20 миллиард теңге бөлу мақұлданды. Биыл 2022 жылғы тамыздағы жай-күй бойынша азық-түлік корпорациясы мал және құс шаруашылығы қожалықтарына арзандатылған бағамен 130,5 мың тонна жемдік астық өткізген. Бұл нарықтықтағы бағадан 30 пайызға төмен», - деді Қарашөкеев Ербол.

Бұдан басқа министрлік жергілікті атқарушы билікпен бірлесіп азық өндірісі саласын дамыту жөніндегі 2022-2025 жылғы жол картасын әзірлеп, бекіткен. Бұл ауыл шаруашылығы жануарларын азықпен қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі шараларды қамтиды. Ауыл шаруашылығы министрі бүгінгі таңда сол карта бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіп жатырғанын айтты.

«Биыл ауыл шаруашылығындағы жануарларды азықпен қамтамасыз ету мақсатында азық өсіретін жерді 3,2 миллион гектар жерден 3,7 миллион гектар аумаққа ұйлғайттық. Жалпы еліміздің көптеген аймақтарында жақсы ауа райы болды. Бұл азық дайындау науқанының сәтті өтуіне ықпал етті. Жергілікті атқарушы органдардың ұсынған жедел деректері бойынша бүгінде 21 миллион тонна шөп дайындалды. Бұл жылдық жоспардың 87 пайызын құрайды. Ал, тұтас жоспар 24,1 миллион тонна болатын. Қазір барлық өңірлерде мал азығын жинау барысы дұрыс бағытта жүріп жатыр. 2022 жылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша, пішен дайындау 1,2 миллион тоннаны немесе жоспардың 90 пайызын құрады. Айта кете керек, сабан мен сүрлем дайындау қыркүйек пен қазан айында жүргізіледі. Сол себепті, оның жұмыстары алда», - деді министр.

Жалпы, министрлік азық дайындау барысында тұрақты мониторинг жүргізіп жатыр.

Биыл ауа райының қолайлылығы егін жинау жұмысын уақытылы бастауға мүмкіндік берген. Еліміз бойынша жалпы 2,2 миллион гектар дәнді және дәнді бұршақтар немесе жалпылай алғанда жинау алаңының 13,9 пайызынан астық жиналды. Орташа 14,6 центнер түсімділікпен 3,3 миллион тонна астық бастырылды.  

Қазір егін жинау науқаны барлық өңірлерде басталған.

 Ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы алаңы 23,4 миллион гектарды құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар алаңы 16,1 миллион гектарды құраған. Егер дақылдар оның ішінде әлеуметтік маңызы бар дақылдар бөлінісін қарайтын болсақ бидай жинау алаңы 12, 9 миллион гектрды құрайды. Оның 1,54 гектары немесе 10 пайызынан 1,5 миллион тонна астық бастырылды», - деді минстр.

Картоп алаңын 198,9 мың гектар алаңнан 675,7 мың тонна картоп жиналған. Өнімнің т.сімділігі 203 гектарына центнер.

Көкөністер алаңы 169,7 мың гектарды құрайды. 1,9 миллион тонна көкөніс жиналған. Оның гектарына түсімділігі гектарына – 253  центнер.

Егіс науқанында сапалы тұқымдар қолданылған. Фермерлер тыңайтқыштарды уақытында сеуіп, арамшөптер уақытында тазаланған.

Биылғы ауа райы егін шаруашылығына қолайлы болған. Жергілікті әкімдіктер жіберген жедел ақпароат бойынша дәнді дақылдың 70 пайызы жақсы күйде, 28,3 пайызы қанағаттанарлық жағдайды. Бүгінгі таңда ауылшаруашылығы мамандары егін жинауға барлық техниканы дайындап, сақадай сай кіріскен. Егін жинау үшін 147,7 мың трактор, 38,1 мың комбайн, 13,3 дәстелегеіш, 73,4 мың трактор тіркемесі бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясында «Жасыл даму» қоғамы қаражаты есебінен ауыл шаруашылығына жеңілдетіген несие беру қарастырылып, несие беру басталды. Оған шамамен 40 миллиард теңге бөлінген. Бүгінде 16,9 миллиард теңгеге 306 өтінім қабылданған. Әлемдегі геосаяси жағдайға және бірқатар елдегі дәнді дақылдар өндірісінің төмендеуіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды мүдде тұр. Бәріміз соған атсалысайық», -  Қарашөкеев Ербол.

Үкімет отырысы кезінде нақты тапсырмалар берген ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов еліміз биыл өзін астықпен толық қамтамасыз ететінін айтты.

Т. Раушанұлы