Қазақстандағы тылсым жерлер
Фото: voxpopuli.kz

Қазақстандағы тылсым жерлер

Табиғат тылсымы қашан да жұмбақ. Оның барлығының сырын аша беру де мүмкін емес. Ғаламның ғажайыптары адамзаттың алақанына бүкіл құпиясын ашып салмай, әлі күнге бір сырларын іште бүгумен келе жатыр. Бұған дейін әлемнің тылсым сырларымен таныстырған болатынбыз. Енді Қазақстандағы тылсым жерлерді ұсынамыз.

 "Калачи" ауылындағы "ұйқы дерті"

2015 жылы Қазақстанның Калачи ауылының тұрғындары жұмбақ жағдайда ұйықтап қала берді. Оларды ауыл тұрғындары да, арнайы келген дәрігерлер де оята алмады. Ұйықтап оянған адамдардың көпшілігі есте сақтау қабілетінің жоғалуы, шаршау және галлюцинациядан зардап шеккен. Ғалымдар оқиғаның нақты себебін анықтай алмағандықтан, үкімет тұрғындарға басқа жерге көшірді.

Бір теория бойынша, халық радиациядан уланған. Ауылдан алыс емес жерде уран кеніші бар, бірақ тұрғындардың қан анализінде радиацияның ізі болмаған соң, ондай болжам жоққа шығарылды. Бір қызығы, кенішке жақын болғанымен, көрші ауыл тұрғындары ұйықтамаған.

2020 жылы профессор Байрон Крейп бастаған Назарбаев университетінің ғалымдар тобы ауылдағы "ұйқы ауруының" себебін анықтадық деді. Олардың айтуынша, ұйқыға себеп ауыл тұрғындарының бір көзден алып ішетін су себеп болған. Су Кеңес Одағы кезінде уран кенішінен тасталған уран қалдықтарынан уланған болуы мүмкін. Себебі, ол уақытта уран қалдықтары бөшкелерде жерге көмілген. Уақыт өте келе темір шіріп, уран қалдығы жер асты суын ластаған.

Кейбір ғалымдар "ұйқы дерті" – ауадағы оттегі мөлшерінің аздығынан басталған "белгісіз генезден туған энцефалопатия" деген қорытындыға келген.

Шайтанкөл

Шайтанкөл Жамбыл облысындағы Қарқаралы тауларыныда орналасқан. Оған шеттен ешқандай өзен құймайды. Бірақ сонда да таза болып тұрады екен. Шайтанкөлдің кей жерлері түпсіз терең дейді оны зерттеушілер.

Аңыз бойынша көлде айдаһар өмір сүреді.  Өлкетанушы А. Печерский ұзындығы 15 метрге жететін жылан іспеттес құбыжықтың көлден су ішетін жануарлармен қоректенентінін айтқан.

Үңгіртас

«Жер кіндігі» деген атаумен елге мәлім бұл аймақ Ұзынағаштан 34 шақырым жердегі Қастек өзенінің жағалауында орналасқан. Аңыз бойынша бұл жерде сопылық бағыттың негізін қалаушы Қожа Ахмет Яссауи қалған ғұмырын өткізген екен. Үңгіртасқа туристер де дін ұстанған адамдар ат басын бұрады. Көбіне омыртқа, бас ауруы, көз тиюден емделетіндер келеді. Адамдардың айтуынша, бұл жердегі тастардың қарғысты қайтаратын құдіреті де бар екен.

Өлікөл

Талдықорғандағы бұл су қоймасының ерекшелігі қысы-жазы суық болып тұрады. Өлікөлде балық та балдырлар да жоқ, тіпті басқа жәндіктер де мекендемейді. Себебі, су астынан бөлінетін газ көлді тіршілік үшін жарамсыз еткен. Жергілікті халық суға жолай бермейді. Өлікөлде жүзуге болмайды. Арнайы аппаратпен түскен адамның өзі көп өтпей тұншығып қалады. Туристер суға түсіп қайтыс болады екен. Өлген адамның денесі су астында тікесінен-тік тұрып қалады.

Барсакелмес

Барсакелмес – Арал теңізінің солтүстік бөлігіндегі түбек. Қызылорда облысының Арал ауданында орналасқан. Теңіз суы тартылғанға дейінгі ұзындығы 28 км, енді жері 8 км, ауданы 133 км2 (1987) арал болған.

Барсакелмес туралы аңыз көп. Соның бірі бұл жерде уақыттың тез өтетіні туралы. Аралды зерттеуге барған топ Барсакелместе тұманның ішінде адасып 3 күн жүрген. Тұманнан шыққасын өздерінің 3 ай жоғалып кеткенін естіп таң қалған екен.

Уфологтар (аномальды құбылыстарды зерттеушілер) Барсакелмес аралы қуатты геоактивті аймақтың ықпалында деп есептейді. Осыған байланысты барлық аномальды құбылыстар, атап айтқанда, осы уақыт өзгерісі орын алады. Ал кейбір теоретиктер Барсакелмес бір кездері құпия зерттеулер жүргізілген арнайы сынақ аралы болған деп есептейді.

Тағы бір аңыздар бойынша, 1950-60 жылдары аралда Әбдіразақ есімді кісі тірлік кешкен, оны ол жерге туыстары апарып тастаған көрінеді. Әбдіразақ бірнеше рет ұшатын тәрелкеге ұқсайтын белгісіз нысандарды байқаған.

Т. Раушанұлы