Оқи отырыңыз

Өзі білмесе де елге ақыл айту – қазақтың қасиетті өнері.

Автор: Оралхан Бөкей

— Редактор бағаны —

Бір жылдан кейін орындалған аманат...
Бір жылдан кейін орындалған аманат...

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Бас бет / Лайфстайл / Әлемтану / Қазақстаным / СТН мен ӘЖК күшін жойды

СТН мен ӘЖК күшін жойды

СТН мен ӘЖК күшін жойды

Қазақстан Республикасының «Ұлттық идентификациялық номерлер реестрлері» туралы заңы 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңарды. РНН (СТН) мен СИК (ӘЖК) орнына ЖСН мен БСН қолданылатын болды.

Қаржы министрлігінің Салық комитетінің салық төлеушілермен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы Ерлан Хасенов BNews.kz тілшісіне берген ақпаратында РНН (СТН) мен СИК (ӘЖК) құжаттарының толықтай күшін жойылғанын айтты.

Құжаттар рәсімдеуде немесе қателіктер орын алып жатқан жағдайда салық органдары азаматтарға дер кезінде көмек көрсетпек. ЖСН мен БСН номерін Ішкі істер министрлігі беретін болса, резиденттігі тіркелмеген (азаматтығы жоқ) адамдар бұл құжаттарды салық комитеті арқылы алатын болды. Бұдан басқа, кейбір жаңа жеке куәліктерде ЖСН мен БСН номерлер көрсетілген. Жеке куәлікте ЖСН (ИИН) номері жоқ азаматтар Халыққа қызмет көрсету орталықтарына (ЦОН) барып, тіркей алады. Негізінен 1997 жылға дейін берілген куәліктерде ЖСН номерлер жоқ.

Ал кәмелетке толмаған балаларға банктан есеп ашса немесе оның атына қандай да бір мүлік тіркелетін болса алуы міндетті екені анықталды. Бұдан басқа, егер бала мемлекеттен қандай да бір көмек (льгота) алатын болса ЖСН номер алуы міндетті.

ЖСН (ИИН) номерді salyk.kz порталы арқылы да алуға болады. Ол үшін азамат порталда өзінің СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) құжаттарының номерін енгізуі керек.

Ендігі кезекте банктік қызметтер де СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) құжаттарын талап етпейтін болды. Ерлан Хасеновтың айтуы бойынша, еліміздегі барлық банктарға енгізу туралы мәлімет жасалған.

Сонымен, толықтай күшін жойған СТН (РНН) мен ӘЖК (СИК) туралы ақпараттар мәліметтер базасында сақтаулы болады.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: profinlife.com

3741 6
Рейтинг: +2

Дайындаған: Ардақ Құлтай
Қосылған күні: 10 қаңтар 2013, 15:52
Пікірлер
+0
10 қаңтар 2013, 15:22

Жақсы болды дейін ба )))))) ӘЖК-імді жоғалтып алып ем )

+0
10 қаңтар 2013, 15:23

бәрібір номері керек екен ғой :(

+0
10 қаңтар 2013, 15:45

Жоқ, барса тіркеп береді. Сенің куәлігің 1997 жылдан кейін жасалған шығар, онда номерің болуы керек.

+0
10 қаңтар 2013, 15:45

Яху! Маған тіпті керек емес. Себебі, мен жаңа құжат аламын, құдай қаласа ;)

+0
10 қаңтар 2013, 15:45

ИИН жаңа жеке куәлігімде бар. Кеше банкке барғанымда менен тек ИИН сұрады. Былай ыңғайлы сияқты

+0
13 қаңтар 2013, 09:48

Жақсы болды, соншааааа қағазды шұбыртып тасып жүргеннен дұрыс болды... Жай ғана алып қоюға болады білем, бірақ, ана екеуін жыртып, лақтырып тастағым кеп тұрғаны-ай...)

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...