12 қаңтар күні "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанақ болады

12 қаңтар күні "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанақ болады

12 қаңтар күні Алматы қаласы "Медеу" мұз айдынында "Халық Банкі" АҚ-ның 90 жылдығына орай бір күн бойына халықтық тегін сырғанақ болады, деп хабарлайды Халық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған BNews.kz.  

"Халық банкінің мерейтойына орай "Медеу" мұз айдынында тегін сырғанақ тебу күні өтеді", делінген хабарламада.

Сырғанақ тебу 12 қаңтар таңертең 10.00-ден түнгі 23.00-ге дейін жалғасады. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: medey.kz

Б. Қосмағамбет