Жасыл экономика: Оны Қазақстан қалай жүзеге асырады?

Жасыл экономика: Оны Қазақстан қалай жүзеге асырады?

Кейінгі жылдары табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға көбірек көңіл бөлініп, үкімет жаңартылатын энергия көздерін пайдалану және климаттың өзгеруі қаупіне дереу әрекет ету шараларын қабылдап жатыр. Қазақстан да көптеген елдер сияқты экологиялық проблемаларға үлкен мән береді.

Кейінгі бірнеше онжылдықта экономиканың дамуы қарқынды, адамдардың өмір сүру деңгейі жақсарды, демографиялық өсу қарқын алды, бұл табиғи ресурстардың сарқылуына әкелді. Бүгінгі таңда дүние жүзінің көптеген елдері өнеркәсіптік экономикалық өсуден болмай қоймайтын экологиялық шығындарды түсінді, осыған байланысты кейбір елдер тұрақты дамудың әртүрлі тұжырымдамаларына, «жасыл» экономика моделін қолдануға көшіп жатыр. Бұл бағыттағы «жасыл» өсу тұжырымдамасын ұлттық стратегия ретінде жүзеге асыруды жариялаған бірінші мемлекет Оңтүстік Корея болды. Қазақстан да басқа елдер сияқты Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасын қабылдады.

Жасыл экономика – бұл түпкілікті пайдалану өнімдерінің өндірістік циклге қайтарылуын қамтамасыз ететін қоғамның әл-ауқатын сақтай отырып, табиғи ресурстарды басқаруға бағытталған экономика. «Жасыл» экономиканың негізгі бағыты – қазіргі уақытта сарқылуға ұшырайтын ресурстарды (пайдалы қазбалар – мұнай, газ) үнемді тұтыну, сондай-ақ сарқылмайтын ресурстарды ұтымды пайдалану.

2022 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік экономикалық форум қатысушыларына бейне үндеу жолдаған сөзінде:

«Жасыл экономиканы дамыту, энергия тиімділігін арттыру және жаңартылатын энергия секторын дамыту біздің төмен көміртекті даму стратегиямыздың басымдықтары болады, ол 2060 жылға қарай шығынсыз оңтайлы жолды қамтамасыз етеді», - деді деген болатын.

2013 жылдың мамыр айында еліміздің «жасыл» экономикаға көшу тұжырымдамасы бекітілді. Тұжырымдама үш кезеңде жүзеге асырылады. бірінші 2013 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. Екінші кезең 2020-2030 және үшінші кезең 2030-2050 жылдар аралығына жоспарланған. Тұжырымдаманың бірінші кезеңінде мемлекет «жасыл» инфрақұрылымды құруға, ресурстарды оңтайландыруға, сондай-ақ табиғатты қорғау қызметінің тиімділігін арттыруға басымдық берді. 2013 жылы Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшу жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының бірінші кезеңін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды. Жоспар 141 іс-шарадан тұрды, оның ішінде нормативтік, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету; су ресурстарын үнемді пайдалану шаралары; тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту шаралары; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаралары; электр энергетикасын дамыту шаралары, атмосфералық ауаның ластануын азайту шаралары; биологиялық ресурстарды дамыту, сақтау және үнемді пайдалану жөніндегі шаралар; жылу электр станцияларының шығарындыларын тазартуды және өндірісте және күнделікті өмірде соңғы технологиялар негізінде энергияны кеңінен үнемдеуді енгізу бойынша шаралар және т.б. шаралар мен жобалар.

Екінші кезеңде бірінші кезеңнің іске асырылған шараларын негізге ала отырып, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға, жаңартылатын энергия технологияларын енгізуге және энергия тиімділігінің жоғары стандарттарына негізделген ғимараттар салуға бағытталған экономиканы қайта құру жоспарланған.

Үшінші кезең ұлттық экономиканың «үшінші өнеркәсіптік революция» принциптеріне көшуіне бағытталған, оның негізі табиғи ресурстарды жаңарған жағдайда пайдалануға негізделген.

Тұжырымдама жеті негізгі бағытты көрсетеді:

- жаңартылатын көздерді енгізу;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтағы энергия тиімділігі;

- ауыл шаруашылығында тұрақты және тиімді органикалық егіншілік;

- қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру;

- су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру;

- «жасыл» көлікті дамыту;

- экожүйелерді сақтау және тиімді басқару.

Тұжырымдаманы іске асыру үшін инвестиция қажет, оны жүзеге асыруға қажетті жалпы инвестиция 2014-2050 жылдар аралығында жылына орта есеппен 3-4 миллиард долларды құрайды.

Бірінші негізгі салада Қазақстан алдына ауқымды мақсаттар қойып, соларға жету жолында қадамдар жасады. Жаңартылатын энергия көздеріне күн электр станциялары, биоотын станциялары, жел электр станциялары, су электр станциялары және басқа электр станцияларының түрлері жатады. Қазақстан географиялық орналасуы мен климаттық жағдайын ескере отырып, пайдалануға баса назар аударады.

Т. Раушанұлы