Астанада дәстүрлі қолөнер фестивалі ашылды

Астанада дәстүрлі қолөнер фестивалі ашылды

Бас қаламыздың «Хан шатыр» сауда және ойын-сауық орталығында дәстүрлі қолөнер бұйымдарының фестивалі ашылды.

Мұнда еліміздің әр аймағынан жиналған қолөнер шеберлері өз жұмыстарын ұсынды. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің аумақтық даму басқармасының бастығы Түгелбай Бақбергеновтың сөзінше, бұл фестиваль ЭКСПО-2017 көрмесінің алғышарты болып саналады.

Келушілер ағаштан, күмістен, киізден және зергерлік асыл тастардан түрлі бұйымдар жасаған шеберлердің жұмыстарымен танысуда. Фестивальдің ашылу салтанатына елімізде тіркелген бірқатар елшіліктің өкілдері құрметті қонақ ретінде қатысты.

Фестиваль негізінен дәстүрлі көркемөнердің жаңғырып, дамуына бағытталған.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: kazpravda.kz

А. Құлтай