Нұр-Сұлтан туралы қызық деректер

Нұр-Сұлтан туралы қызық деректер
Фото: astana.gov.kz

Еліміздің астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы кезекті туған күнін атап өтіп жатыр. Бұған дейін елордамыз атауы 4 рет өзгерді. Қала 1961 жылға дейін Ақмола, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола және қазір Нұр-Сұлтан деп аталады.

♦ Қазақстандағы және Орта Азиядағы ең биік ғимарат Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан. «Абу-Даби Плаза» деп аталаттың ғимараттың биіктігі 311 метр, 75 қабат.

♦ 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі Нұр-Сұлтан қаласын «Бейбітшілік қаласы» деген атауға сай деп танып, медальмен марапаттады.

♦ Елордамызда орналасқан «Астана-Бәйтерек» кешенінің биіктігі - 97 метр. Металл, әйнек және бетоннан тұрғызылған «бәйтерек ағашының» жалпы биіктігі 105 метр, салмағы 1000 тоннадан асады

♦ Нұр-Сұлтан – Азия елдерінің ішіндегі солтүстікте орналасқан қала.

♦ Нұр-Сұлтан – әлемдегі суық астаналардың қатарында. Ұлан-Батор қаласынан жылырақ, ал Оттавадан суық.

♦ «Думан» ойын-сауық орталығының мұхитаралы – ТМД-да ашылған бірден-бір нысан. Бұл – әлемдегі көк мұхиттан 3000 шақырымнан астам қашықтықта орналасқан жалғыз мұхитарал.

♦ «Ханшатыр» ойын-сауық орталығы шатыр формасындағы ең үлкен ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына кірген. Оның биіктігі – 150 метр.

♦ Әлемдегі екі елдің астанасы Солтүстік Мұзды мұхит бассейнінде орналасқан. Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласы Енисей, ал Нұр-Сұлтан Есіл өзенінде орналасқан.

♦ Қала жобасымен атақты жапон сәулетшісі Кисе Курокава айналысты. 

♦ 2012 жылы Нұр-Сұлтан ТМД мен Түркі әлемінің астанасы болып жарияланды.

♦ «Астана Опера» театры Орталық Азияда ең үлкен театр болып саналады.

♦ 2003 жылы «Moody’s Investors Service» әлемдік рейтинг агенттігі елорданы әлемнің ең үздік 30 қаласының тізіміне қосты.

♦ New York Times Нұр-Сұлтанды «Солтүстік Дубай» деп атады. 

♦ Еліміздегі ең үлкен ту астанамызда орналасқан. Көлемі – 15х30 метр. Ту 111 метрлік биіктікте тұрғандықтан, қаланың кез келген жерінен көзге ілінеді.

♦ Интеллектуалдық қауымдастық форумының (АҚШ) рейтингі бойынша Нұр-Сұлтан 2016 жылы топ-21 ақылды қалалар тізіміне енді. 

♦ Елордадағы ұлттық академиялық кітапханада 2,5 миллионнан астам кітап бар.

А. Оралқызы