Шымкент тұрғыны белгісіз ұшатын нысанды бейнеге түсірген

Шымкент тұрғыны белгісіз ұшатын нысанды бейнеге түсірген

Өткен сенбі, 2 шілдеде Шымкент қаласының тұрғыны Владимир Соколов белгісіз ұшатын нысанды ұялы телефонның видеосына түсіріп алған. Бұл туралы elitar.kz жазды.

Алғашында куәгерлер нысанды ұшақ деп қателескен. Алайда, БҰН-ның қозғалыс траекториясы ұшақтың бұл сипаттамасына мүлдем сәйкес келмеді.

БҰН күн сәулесінде жарқырап, біркелкі қалқып, ретсіз қозғала бастаған. Содан кейін ол баяулап, төмендеген. Сосын қайтадан орнында тұрып ғайып болған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Информационное агентство (@elitar.kz)

Бейнежазбаға түсініктеме берген кейбір адамдар ер адам квадрокоптерді түсірген деген болжам жасаған. Басқалары бұл БҰН емес, кәдімгі пакет дейді.

А. Оралқызы