Алматылықтарды Жаңа жылда қандай қызықтар күтіп тұр?

Алматылықтарды Жаңа жылда қандай қызықтар күтіп тұр?

Аз ғана күннен соң, Жаңа жыл пердесін түреді. Дәл осы күндері Алматы тұрғындарын қалада қандай қызықтар күтіп тұр? Қайда? Қалай? Қашан? Сұрақтарыңыз жауапсыз қалмасына сенеміз.

Жаңа жыл жақындаған шақта Алматы кинотеатрларында мынадай кинофильмдердің көрермені болыңыздар:  «Хоббит: Күтпеген саяхат», "Ұйқы қорғаушысы", "Нико 2" мультфильмі, "Сұлу және құбыжық (3D)", фэнтези жанрындағы отандық тұңғыш фильм «Аңыздар кітабы: Сырлы орман».

27 мен 30 желтоқсан күндері Лермонтов атындағы орыс драма театры "Таңғажайып шапалақ" атты жаңажылдық көрсетілім қояды. 

Әуезов атындағы драма театрының үлкен залында «Сезам» қуыршақтар театры "Ақшақар және жеті ергежейлі" атты өздерінің жаңа концерттік бағдарламасын қояды. Жаңажылдық көрсетілім 24 желтоқсаннан 7 қаңтарға дейін жалғасады. 

Опера сүйетін көрермен үшін "Арман" кинотеатрында 29 желтоқсан күні "Шерткіш" балеті қойылады. Көрсетілім 16.00-де басталады. Осылайша, Чайковскийдің "Алматы кинотеатрларындағы опера және балет шедеврлері" атты балет бағдарламасы шымылдығын жабады. 

Ал Жаңа жылды үйде қарсы алатын жандарды қазақстандық радио және телебағдарламалар қызықтан қапы қалдырмайды. 

29 желтоқсан күні Алматы байкерлері басты рок-шырша жанына жиналады. 

Дайындаған: Ақерке Әбілхан

Сурет: on.kz

А. Әбілхан