30 градус ыстық болады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы

30 градус ыстық болады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 26, 27 және 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" РМК хабарлағандай, алдағы күндері ауа райын күрт ыси бастайды, бұл жауын-шашынның тоқтап, ауа массаларының белсенді қызуын қамтамасыз етеді.

"Елдің солтүстігінде күндіз 13-18-ден 20-25-ке дейін, орталықта 8-18-ден 15-23-ке дейін, оңтүстікте 18-28-ден 23-30-ға дейін ыстық, батыста температура 20-28 жылы, шығыста 10-18, оңтүстік-шығыста 17-25 жылы болады. Тек батыста және республиканың таулы және тау бөктеріндегі аймақтарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен, жаңбыр жауады", - делінген хабарламада.

Орталықта, шығыста және таулы аймақтарда түнде және таңертең тұман күтіледі, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Т. Раушанұлы