17 сәуірде Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады

17 сәуірде Алматыдағы жолдардың бір бөлігі жабылады

Алматы жартылай марафонының Ұйымдастыру комитеті оңтүстік астана тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні, 2022 жылғы 17 сәуірде жолдардағы қозғалыстың ішінара жабылатыны туралы хабарлайды.

Жартылай марафон сөресі Тұңғыш Президент саябағында беріледі. Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Навои көшесіне дейінгі жол бөлігінде қозғалыс 16 сәуір күнгі сағ. 23:00-ден 17 сәуір күнгі сағ. 13:00-ге дейін жабық болады. Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Әл-Фараби даңғылының солтүстік жағында Шашкин көшесінен Назарбаев даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін жабық болады. Оңтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Сейфуллин даңғылының әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:30-дан 10:00-ге дейін толық жабылады.

Абай даңғылының оңтүстік жағында Саин көшесінен Сейфуллин даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:20-дан 13:00-ге дейін жабық болады. Солтүстік жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Саин көшесінің шығыс жағында әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейінгі жол бөлігінде қозғалыс сағ. 7:00-ден 11:30-ға дейін жабылады. Батыс жағы көлік қозғалысына ашық болады.

Деректер жарысқа қатысушылардың қозғалыс уақытының ұтымды бөлінуін ескере отырып енгізілді

2022 жылғы Алматы жартылай марафоны (17.04.2022) үшін жолдарды жабу кестесі

16 сәуір сағ. 23:00-ден бастап 17 сәуір сағ. 13:00-ге дейін
Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Навои көшесіне дейін)

Оңтүстік жағы сағ. 7:20-дан 8:20-ға дейін жабық болады.
2022 жылғы 17 сәуір
сағ. 03:00-ден 11:30-ға дейін
Әл-Фараби даңғылы (Шашкин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.          
сағ. 07:00-ден 11:30-ға дейін
Әл-Фараби даңғылы (Мұстафин көшесінен бастап Назарбаев даңғылына дейін)

Оңтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық
сағ. 07:00-ден 11:30-ға дейін
Саин көшесі (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)

Батыс жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.
сағ. 07:20-дан 13:00-ге дейін
Абай даңғылы (Саин көшесінен бастап Сейфуллин даңғылына дейін)

Солтүстік жағы а/к қозғалысы үшін ашық болады.
сағ. 07:30-дан 10:00-ге дейін
Сейфуллин даңғылы (әл-Фараби даңғылынан бастап Абай даңғылына дейін)
Тұңғыш Президент саябағына автокөлікпен жету үшін ұсынылатын маршрут:

1) Мұстафин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

2) Навои көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

3) Садықов көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

4) Дулати көшесінің бойымен солтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

5) Саин көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін;

6) Розыбакиев көшесінің бойымен оңтүстікке қарай әл-Фараби даңғылына дейін.

Жолдардың жүктелу деңгейінің жоғары болуына байланысты қатысушыларға жарыстың басталу орнына (Тұңғыш Президент саябағы) әл-Фараби даңғылы мен Мұстафин көшесінің қиылысына дейін автобуспен жетуге кеңес береміз. Жолдардың жабылуын ескере отырып, сөре орнына автокөлікпен жетудің оңтайлы маршрутын 2ГИС қолданбасында құруға болады. Сөре қалашығы (Тұңғыш Президент саябағы) мен мәре қалашығының (Орталық стадион) жанында көлікті тұраққа қою мүмкін болмайтындығына назарларыңызды аударамыз.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуірде (жексенбі) бесінші Алматы жартылай марафоны өтеді. Сөреге әлемнің 28 елінен келген 5,5 мыңға жуық әуесқой спортшы шығады. Жарыс аясында Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының ең мықты спортшыларының қатысуымен жартылай марафоннан (21,1 км) Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді. 21,1 км қашықтығындағы жеңімпаздар ақшалай жүлдені өзара сарапқа салады. Ерлер арасында және әйелдер арасында бірінші орынды иеленген жеңімпаздар 450 000 теңгеден алады.

Сөре уақыты:

08:00 – 10 км және скандинавиялық жүріс қашықтығының сөресі.

08:20 – 21 км қашықтығының сөресі.

Орталық стадионда чирлидерлер командалары мен музыкалық ұжымдардың қатысуымен үлкен ойын-сауық бағдарламасы өтеді.

Алматы жартылай марафонының ұйымдастырушылары: «Бірінші болу – батылдық» корпоративтік қоры, «World Class Almaty» фитнес-клубы, Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры және #Сеніңжаңақырың мультиспорттық Youtube-арнасы.

Н. Үсенова