Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды

Қазақстан ТМД-дағы ең бақытты ел атанды
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазақстан ең бақытты елдердің әлемдік рейтингінде бес позицияға көтеріліп, ТМД-ның барлық елдерін басып озып, 40-орынға ие болды. Бұл туралы World Happiness Report жазды.

Рейтинг 2019-2021 жылдар аралығында жүргізілген ауқымды сауалнаманың орташа нәтижесін көрсетеді. Бақыт туралы сауалнамаға планетада тоғыз миллионнан астам адам қатысқан.

Финляндия бесінші жыл қатарынан әлемдегі ең бақытты ел атанды. Алғашқы ондыққа Дания, Исландия, Швейцария, Нидерланды, Люксембург, Швеция, Норвегия, Израиль және Жаңа Зеландия кірді.

АҚШ 16-шы, Ұлыбритания 17-ші, Біріккен Араб Әмірліктері мен Сауд Арабиясы 24 және 25-ші орында.

Қазақстан биыл бес позицияға жоғарылап, 40-шы орында тұр. Осылайша, еліміз ТМД елдерінің барлығын басып озды. Өткен жылы Қазақстаннан озған Өзбекстан 53-ші, Молдова Республикасы 62-ші, Қырғызстан 64-ші, Беларусь 65-ші, Ресей 80-ші, Армения 82-ші, Тәжікстан 83-ші, Әзірбайжан 92-ші орынға тұрақтады.

Ауғанстан 146 елдің ішінде ең соңғы орында тұр.

Т. Раушанұлы