23-24 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

23-24 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

"Қазгидромет" РМК 23-24 наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады.

"Атмосфералық фронтальды учаскелердің өтуімен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы күтіледі, солтүстік және шығыс облыстарда қар жауып, бұрқасын болады, республиканың оңтүстігінде жауын-шашын, кей жерлерде  сел жүреді (жаңбыр, қар)", – дейді синоптиктер.

23-24 наурызда республиканың батыс облыстары солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады, сондықтан жаңбыр жаумайды деп күтілуде.

"Республикада тұман түсіп, жел күшейеді. Еліміздің шығысында, солтүстігінде және орталығында түнде ауа температурасы 5-13 градустан 10-18 градус аязға дейін, күндіз термометрлер 0-8 градустан суық болады. Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы түнде 0-8 градус аяз, күндіз 2-10 градус ыстық болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері Қазақстанда көктемнің қандай болатынын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы