20 градусқа дейін жылы болады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы

20 градусқа дейін жылы болады: 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер қазақстандықтарды 3, 4 және 5 наурызда қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты.

Қазгидромет, Қазақстанның солтүстік және шығыс облыстарының тұрғындары көктемді әлі сезінбейтінін айтты. Бұл аймақтарда салқын антициклон әсерінен аяз, жаңбырсыз ауа райы сақталады.

"Алайда, қазірдің өзінде Жерорта теңізінен циклон біздің елге жылжи бастайды, ол ылғал мен жылудың үлкен қорын әкеледі. Елдің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн жылиды", - делінген хабарламада.

Мамандардың болжамы бойынша, солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы 5 градусқа дейін, оңтүстік өңірлерде тіпті 15-20 градусқа дейін көтеріледі.

Бұған дейін Қазгидрометтің синоптиктері қазақстандықтарды биылғы көктемде қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын.

Т. Раушанұлы