33 градус суық: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

33 градус суық: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek

Синоптиктер Қазақстанның 17, 18 және 19 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, алдағы үш күнде Қазақстан аумағына Қара теңізден келетін ауқымды антициклон ықпал етеді. Соның салдарынан жауын жаумайды.

Болжам бойынша, фронтальды учаскелердің әсерінен республиканың қиыр солтүстігінде және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ғана қар сақталады.

"Түнде солтүстікте термометрлер 10-23 градус, орталықта және шығыста 17-27 градус, кей өңірлерде 33 градус, оңтүстікте 5-15 градус суықты көрсетеді, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазгидромет ақпан айы бойы қазақстандықтарды қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтқан болатын. Қазақстанның басым бөлігінде ақпан айында ауаның орташа температурасы климаттық нормадан жоғары болады.

Т. Раушанұлы