Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Алдағы демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады?
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Синоптиктер Қазақстанның 5,6 және 7 ақпан күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Қазгидрометтің мәліметінше, республиканың басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауады. Солтүстік және орталық аймақтарда көктайғақ, тұман, екпінді жел, бұрқасын күтіледі.

"Батыста түнде 15 градус, күндіз 3 градусқа суық болады солтүстік-батыста түнде 18 градус, күндіз 13 градус суық, - делінген хабарламада.

Республиканың орталығы мен шығысында ауа райы суытады, бұл өңірлерде түнде 28 градус, күндіз 2 градусқа дейін суық болады.

"Республиканың оңтүстік-шығысында түнде 11-2 градус аралығында, күндіз ауа температурасы 10 градус, таулы аймақтарда 12 градусқа дейінградус аралығында ", - деп хабарлады "Қазгидромет".

А. Оралқызы