0 градусқа дейін жылынады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы

0 градусқа дейін жылынады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 13, 14 және 15 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидромет" мамандары биылғы қыс қазақстандықтарды салыстырмалы түрде жылы ауа райымен ерекшеленетінін атап өтті.

"Синоптикалық процестер тез өзгеріп, бірде  аязды, бірде жылуды әкеліп жатыр. Демек, келесі антициклон қазірдің өзінде аязды алып кетіп, күн жылынып жатыр. Ол еліміз арқылы жылжып, 15 қаңтар күні Қазақстанның барлық облыстарын қамтиды", - делінген хабарламада. 

Метеорологтардың айтуынша, аталмыш циклон өзімен бірге жаңбыр мен қар, екпінді жел мен көктайғақ ала келеді.

"Термометр бағаналары тез көтеріледі, тіпті солтүстік облыстарда күндіз небәрі 0-5 градус суық болады", - деді синоптиктер.

Т. Раушанұлы