Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Алматыда мереке күндері қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Алматы қалалық мобильділік басқармасы мереке және демалыс күндері қаладағы қоғамдық көліктердің қалай жұмыс істейтінін айтты.

Әкімдіктің хабарлауынша, 1 қаңтардан бастап Алматы автобустары мен троллейбустары мерекелік кестеге сәйкес жұмыс істейді.

"Жаңажылдық мерекеге байланысты 1 қаңтар күні сағат 06:00-ден 09:00-ге дейін қоғамдық көліктің 50 пайызы жолға шығады. Ал 2,3,4 қаңтарда жұмыс мерекелік күндер кестесіне сәйкес жүргізіледі. Демалыс және мереке күндері – жолаушылар ағынын ескере отырып көлік саны азаяды. Ең көп дегенде 20 пайыз көлік жұмыс істейді" , - деп түсіндірді Алматы қаласы әкімдігінің ТЖМ.

Бұған дейін Алматыда жыл соңына дейін жаңа автобус бағыты іске қосылатыны хабарланған болатын.

Т. Раушанұлы