Синоптиктер Қазақстанда 32 градус аяз болатынын ескертті

Синоптиктер Қазақстанда 32 градус аяз болатынын ескертті

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжамға сәйкес, еліміздің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына солтүстік-батыс циклоны әсер етіп, қар жауып, бұрқасын жел күшейеді. Суық ауа массалары әсерінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы төмендейді, тек шығыс пен оңтүстік-шығыста тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Түнде республиканың солтүстік жартысында термометр бағаны 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 аязға дейін, оңтүстік және шығыс облыстарда 10-18 аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

А. Оралқызы