Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

Жеті облыста дауылды ескерту жарияланды

"Қазгидромет" жеті облыста дауылды ескерту жариялады.

26 желтоқсанда Атырау облысының солтүстік-батысында, шығысында және орталығында оңтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

26 желтоқсанда күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында бұрқасын, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

26 желтоқсанда түнде Қызылорда облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі.

26 желтоқсанда таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы, тау бөктеріндегі аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Таулы аймақтарда қарлы боран соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таулы аймақтарда секундына 15-20 метр. Шымкентте 26 желтоқсанда таңертең және күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

26 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында тұман, көктайғақ, облыстың солтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында екпіні секундына 23-28 метрге жетеді.

26 желтоқсанда Қарағанды ​​облысының шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

Алматыда 26-28 желтоқсанда таулы аймақтарда тұман, көктайғақ күтіледі. 27 желтоқсанда қалың қар жауды.

А. Оралқызы