Боран және 23 градус аяз: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Боран және 23 градус аяз: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, осы кезеңде Қазақстанға солтүстік-батыс циклон әсер етеді және онымен байланысты атмосфералық фронтальды учаскелерде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр жауып, қар түседі. Оңтүстікте жаңбыр жауады. Республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, сондай-ақ Солтүстікте секундына 15-25 метр екпінді жел соғады. 

"23 желтоқсанда Қара теңіз аймақтарынан антициклон әсерінен ауа температурасы төмендейді. Батыста түнде - 8-23 градус аяз, күндіз - 5-15 градус, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5-15 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяз, түнде оңтүстік және оңтүстік-шығыста - 5 градус пен +5 градус аралығында, күндіз 0-10 градусқа дейін ыстық болады", - делінген хабарламада.

Т. Раушанұлы