Көктайғақ және тұман: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Көктайғақ және тұман: алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 14-16 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына солтүстік-батыс антициклоны әсер етеді. Соның салдарынан күн суытады, жаңбыр жаумайды. Республиканың оңтүстік облыстарына циклондардың фронтальды белсендiлiгi әсер етеді. Бұл аймақтарда жаңбыр жауып және қар түседі. Көктайғақ құбылыстары мен тұман күтiледi.

"Алайда, кезеңнің соңына қарай солтүстік-батыс антициклоны бұл аймақтарды да қамтиды, сондықтан ауа температурасы төмендеп, жаңбыр тоқтайды. Мереке күндеріне Скандинавия аймақтарынан келетін циклон науқаны әсер ете бастайды. Батыс аймақтарда жауын-шашын, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Қазгидромет" РМК ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялаған болатын.

Т. Раушанұлы