Күн суытады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы

Күн суытады: Алдағы 3 күнге арналған ауа райы болжамы
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Қазгидрометтің синоптиктері 11-13 желтоқсанға арналған республика бойынша ауа райы болжамын ұсынды.

Болжам бойынша, солтүстік-батыстан кезекті антициклон жылжып келеді, бұл ауа температурасының төмендеуінің жаңа толқынын тудырады, алдымен батыста, содан кейін Қазақстанның солтүстігінде күн суытады. Бұл аймақтарда түнде термометр 15-25 градусқа дейін төмендейді.

“Тек оңтүстік аймақтарда әлі жылы болады. Оларға оңтүстік циклон әсер етеді, ол мол жауын-шашын әкеледі, көктайғақ болуы мүмкін, алайда ауа температурасы қолайлы болып қалады”, -  делінген болжамда.

Т. Раушанұлы