Оңтүстікте де күн қатты суытады: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?

Оңтүстікте де күн қатты суытады: Алдағы 3 күнде ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер Қазақстанда 25, 26 және 27 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидрометтің" болжамына сәйкес, жауын-шашын, екпінді жел және қолайлы ауа температурасы әкелген циклоннан кейін жақын күндері Қазақстанға суық антициклон келеді. Бұл жауын-шашынның тоқтауына және ауа температурасының тез төмендеуіне әкеледі.

"Елімізде күзгі тұрақсыздық сақталса да, қыс мезгілі өз құқығын талап етуде. Тіпті Қазақстанның оңтүстік аймақтарында да термометрлер түнде 8-13 аязға дейін төмендейді", - делінген хабарламада.

Айта кетейік синоптиктер қараша айына арналған ауа райын ұсынған болатын.

Т. Раушанұлы