Боран, көктайғақ, қар: демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Боран, көктайғақ, қар: демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Фото: Yernar Almabek\Massaget.kz

Синоптиктер елімізде 13, 14 және 15 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, Қазақстандағы алдағы үш тәулікте ауа райы солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты фронтальды аймақтарға байланысты анықталады.

"Батыстан шығысқа қарай жылжыған циклонды ойпат республиканың барлық дерлік облыстарын қамтиды, осыған байланысты жауын-шашын және қар, көктайғақ, еліміздің солтүстігінде  екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Батыста ауа температурасы түнде - 5 градус аязға дейін суытады, күндіз 10 градусқа дейін жылынады;

Республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында және орталығында - 10 градус аяз болады, күндіз ауа температурасы 7 градусқа дейін жылынады;

Еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында - 10 градус аяз, күндіз + 10 градус болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер Қазақстанда қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынған болатын.

Т. Раушанұлы