Министр полицейлердің жалақысы қанша пайызға өсетінін айтты

Министр полицейлердің жалақысы қанша пайызға өсетінін айтты

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстанда полиция қызметкерлерінің жалақысы қалай өсетінін айтты.

"Елімізді полицейлердің жалақысы өте төмен. Осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз 2019 жылдан бастап жалақыны кезең-кезеңімен көтеріп жатырмыз. 2023 жылға дейін қызметкерлердің жалақысын 50 пайыздан 90 пайызға дейін көтеріледі. Бұл орайда, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 101 мың теңгеге дейін, лейтенанттың жалақысы 130 мыңнан 174 мың теңгеге дейін өседі”, - деді Тұрғымбаев.

Әскери қызметшілер жалақысы 60 пайызға өседі – Тоқаев

Айта кетейік, Маңғыстау облысындағы Оймаш полигонындағы "Отпантау-2021" әскери жаттығуларына барған кезінде Президент-Жоғарғы Бас қолбасшы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы екі жылда әскери қызметшілердің жалақысы орташа есеппен 60%-ға өсетінін айтқан болатын.


Еліміздегі мұғалімдердің жалақысы тағы 25 пайызға көтеріледі

"Ақшалай жәрдемақы біртіндеп өсіп келе жатыр. Биылдан бастап ресми жалақы 35 пайызға өсті. Алдағы екі жылда жалақы орта есеппен 60 пайызға өседі. Әскери қызметшілердің барлық санаттары үшін баспана мәселесі заңнамалық деңгейде шешілді. Басқа ТМД елдерімен салыстырғанда, қазақстандық әскердің әлеуметтік пакеті бәсекеге қабілетті. Әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғау әрқашан мемлекеттің басты басымдықтарының бірі болады. Қуатты армия  – тәуелсіз елдің кепілі", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Бұған дейін ЖОО оқытушыларының жалақысы осы жылдың қыркүйегінен бастап өскені хабарланды. Енді университет оқытушылары айына кемінде 200 мың теңге алады.